Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2015
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1004 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау туралы ережеде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларда:
ветеринариялық емдеу-алдын алу;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату;
жемшөптiк қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрсiз, минералдық-витаминдік азықтарды өндiру және сату;
ветеринариялық мақсаттағы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, зоогигиеналық заттарды және зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды сату;
мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;
базарларда жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау;
зертханалық-диагностика қызметi;
2-2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды тіркеу сынағынан, байқаудан өткiзудi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды жарнамалау кезiнде олардың серияларын (топтарын) бақылауды;
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюды;
мемлекеттiк шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарда;";
8-тармақта "7-тармағының 1), 2)," деген сөздерден кейiн "2-1), 2-2)," деген сандармен толықтырылсын;
9-тармақта "тарауының" деген сөз тарауының 3) тармақшасын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия