Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016
Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 32 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.10.2015 жылғы № 18-02/896 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 35-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 13 қаңтардағы
N 32 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне  сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер (бұдан әрi - тендерлер) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды. 
Осы Ереже ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман ресурстарына қолданылмайды.
2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде  көзделген ұғымдар және мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) лот – мемлекеттiк орман иеленушiнiң тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша белгiленген тәртiппен құжаттамалық ресiмделген ұсынысы;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1510 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) өтiнiм-лот – қалыптасу процесiндегi тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша мемлекеттiк орман иеленушiнiң ұсынысы;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1510 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) тендердi ұйымдастырушы – тендерге қойылатын мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары функционалдық қарауында болатын облыстардың жергілікті атқарушы органдары немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1510 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) уәкiлеттi орган – мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру тәртiбiнiң сақталуын үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлімшелері;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1510 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) тендерге қатысушы - осы Ережеге сәйкес ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығын алу үшiн өзiнiң тендерге қатысатынын мәлiмдеген жеке және заңды тұлғалар;
6) тендер құжаттамасы - лоттың сипаттамасын, ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының жобасын (бұдан әрi - шарт жобасы) қамтитын құжаттар жиынтығы және теңдер өткiзу рәсiмiн айқындайтын құжаттар;
7) тендер өтiнiмi - тендерге қатысушы тендер комиссиясына тапсырған және тендер ұйымдастырушы мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес ресiмделген құжаттар жиынтығы.
Полная версия
ИС BestProfi