Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 481 қаулысы       
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына: 
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: 
7-бағандағы "Республикалық оқушылар сарайы" деген сөздер "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1111 қаулысымен. (28.04.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi