Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 748 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды жасаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
7-тармақтағы "үш қабат" деген сөздер "бір қабат" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi