Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысы
Редакция 06.04.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып;
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен, 22.11.2002. № 1239 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.04.2003. № 314 қаулысымен. (29.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде осы қаулыны iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі туралы ереже Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереженің күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
Полная версия