1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.05.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Зайсан-Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
4. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы;
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық- техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне берудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің құрылатын аумақтық органдарының тізбесі
1. Солтүстік аймақтық балық инспекциясы
2. Батыс аймақтық балық инспекциясы
Полная версия