Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 517 қаулысы
Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орал - Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемелерi базасында "Орал - Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы", "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.
3. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 18 шiлдедегi N 714  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 291-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн: 
1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 
"2-1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi;"; 
көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесiмен толықтырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi