Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 16.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.08.2011 № 981 Қаулысымен. (24.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 
2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысына
1-қосымша
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.09.2009. № 1297 Қаулысымен
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (02.09.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 705 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2011 жылғы № 981 Қаулысымен (24.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (31.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.04.2012 жылғы № 418 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (05.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Көшербаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қырымбек Елеуұлы           орынбасары, төраға

Досаев                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы        даму және сауда министрі, төрағаның
                           орынбасары

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы                Экономикалық даму және сауда
                                вице-министрі

Беспалинов                   - Қазақстан Республикасының
Тілеуғазы Айтқазыұлы           Экономикалық даму және сауда
                                     министрлiгi Өңiрлiк саясат және
                                     бюджетаралық қатынастар
                                     департаментi директорының
                                     орынбасары, хатшы

Сарыбеков                    - Қазақстан Республикасының Білім
Махметғали Нұрғалиұлы          және ғылым вице-министрі

Тихонюк                      - Қазақстан Республикасының
Николай Петрович               Құрылыс және тұрғын
                                     үй-коммуналдық шаруашылық істері
                                     агенттiгi төрағасының
                                     орынбасары

Коржова                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Наталья Артемовна         жауапты хатшысы

Жарқынбаев                   - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзімханұлы               агенттігі төрағасының орынбасары

Әбдішев                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Бауыржан Түйтеұлы          қорғау вице-министрі

Омаров                        - Қазақстан Республикасы Спорт және
Мұрат Ескелдіұлы                дене шынықтыру істері агенттігі
                                төрағасының орынбасары

Тұрғанов                - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
Дүйсенбай Нұрбайұлы       минералдық ресурстар вице-министрі

Сыздықов                      - Қазақстан Республикасы
Тито Уақапұлы                   Премьер-Министрінің Кеңсесі Өңірлік
                                даму бөлімінің меңгерушісі

Котенко                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
Наталья Леонидовна        Кеңсесі Әлеуметтік-экономика бөлімінің 
                          меңгерушісі

Мәтішев                       - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Әлиақпар Болатұлы               қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                                агенттік) төрағасының орынбасары    

Толыбаев             - Қазақстан Республикасының 
Марат Еркінұлы        Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Сауранбаев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрлан Ермекұлы                және жаңа технологиялар
                               вице-министрі

Құрманғалиева                -  Қазақстан Республикасының Денсаулық 
Аида Дәденқызы          сақтау вице-министрі

Бөрібаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат  
Асқар Ысмайылұлы          вице-министрі

Нұрымбетов              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы        халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Скляр                        - Қазақстан Республикасының Көлік және
Роман Васильевич               коммуникация вице-министрі

Жұманғарин               - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Серік Мақашұлы             және сауда министрлігі Өңірлік даму
                           комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1239 қаулысымен
 бекітілген
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема) көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында құрылды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.08.2011 № 981 Қаулысымен. (24.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады: 
1) өзіне елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумағы үшін "локомотив" рөлін атқаратын "озық" өсу аймақтарын (өсу полюстерін) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру; 
Полная версия
ИС BestProfi