Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2007
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметi туралы меморандумды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 514 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы № 965 Қаулысымен.
Редакция 27.07.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 4 наурыздағы N 528 өкiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметi туралы меморандум бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнің
 2005 жылғы 26 мамырдағы
 N 514 қаулысымен
 бекiтiлген
"Шағын-кәсіпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметi туралы меморандум
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының қызметi туралы меморандум (бұдан әрi - Меморандум) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665  қаулысына, "Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына  Жолдауын  iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 4 наурыздағы N 528  өкiмiне, "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысына, "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 28 сәуiрдегi N 397  қаулысына  сәйкес әзiрлендi.
2. Меморандум "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) қызметiнiң шағын кәсіпкерлік субъектiлерiн (бұдан әрі - ШКС) қаржы-несиелiк қолдау, оқыту және консалтинг жөнiндегі iс-шараларды қамтитын ШКC-нi дамыту мен қолдау жөнiндегі негiзгi бағыттары мен қағидаттарын айқындайды.
3. Меморандум Қордың барлық бөлiмшелерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
4. Қор ШКС жобаларына Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiкті мемлекеттік қолдау саласындағы  заңнамасына  сәйкес кредит берудi жүзеге асырады.
5. ШКС жобаларына кредит беруге iрiктеудiң негiзгi өлшемi жобаның кiрiстілігі болып табылады.
6. Жобаларға кредит беру үшін мынадай көздер пайдаланылуы мүмкiн: 
шетелдiк, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаты; 
7. ШКC-нi қолдау мен дамыту үшін шетелдiк, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қарыз қаражатынан агенттiк негiзде кредит беру: 
Қор қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне конкурстық негiзде негізделген орналастыру жолымен; 
банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын субъектiлер және шағын кредит берумен айналысатын ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
франчайзингтiк операцияларға берілетiн қарыздарды, халықаралық сапа стандарттарының жүйесiн енгiзуге байланысты ШКС жобаларын қоса алғанда, тiкелей кредит беру; 
банктермен, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен және басқа инвесторлармен бiрге бiрлесе қаржыландыру түрiнде жүзеге асырылады.
9. Кредит беру теңгемен және шетелдiк валютамен жүргiзiледi. Кредит бойынша сыйақы ставкасын Қор шығыстарын өтеудi ескере отырып, басқарма айқындайды.
10. Шағын кәсiпкерлiктiң бір субъектiсiне кредиттiң және қаржылық қолдаудың басқа түрлерiнiң ең көп мөлшерi 60000 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Операциялар бойынша шешiмдердi Қор басқармасы немесе Қор басқармасымен келісiм бойынша кредит саясатын жүзеге асыруға уәкілеттiк берiлген Қордың өзге де органдары қабылдайды. 
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.07.2005. № 780 қаулысымен. (26.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Қор кредиттерді беру кезiнде өзiнiң iшкi құжаттарына сәйкес тәуекелдердi жабу қағидатын негiзге алады. Кредиттер құнды қағаздармен, банк кепiлдiктерiмен, инвестициялау объектілерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлiкпен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа қаражатпен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
12. Қордың екiншi деңгейдегi банктерде конкурстық негiзде Қор қаражатын негiзделген орналастыруға құқығы бар.
13. Қазақстан Республикасында шағын кредит беру жүйесiн дамыту мақсатында Қор: 
шағын кредит берудi жүзеге асыратын ұйымдарды ресурстық қолдауды; 
жарғылық капиталына үлестік қатысу шарттарында жаңа шағын кредит беру ұйымдарын құруды; 
осы секторға институционалдық және жеке инвесторларды тартуға ықпал етудi жүзеге асырады.
14. Қор жеткiзушілер мен екiншi деңгейдегi банктердің алдындағы ШКС мiндеттемелерiнiң орындалуын ақылы негiзде кредит сомасының 80 пайызға дейiнгi мөлшерiнде қамтамасыз етуге кепілдiк бередi.
15. Қор сақтандыру ұйымдарымен екiншi деңгейдегi банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы ШКC мiндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуде оларға берiлетiн кепілдіктердi сақтандыруға арналған шарттар жасасады.
16. Қор ШКС-нің қаржы-шаруашылық қызметiн жақсарту мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен факторингтік операцияларды жүзеге асырады.
4. ШКС-нi оқу-әдiстемелік, ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау
17. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi ақпараттық қолдаудың кешендi жүйесiн қалыптастыру, сапалы оқыту және консалтинг арқылы ШКС-нiң бiлiм деңгейiн арттыру болып табылады.
18. Кәсiпкерлiктi оқу-әдiстемелiк, ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау мәселелерiнде Қор саясатын iске асырудағы басымдықтар: 
жаңадан бастаған және жұмыс iстеп жүрген кәсіпкерлерді оқыту және консалтинг; 
шағын кредит беру жүйесiне қатысушыларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету; 
кәсiпкерлiкті насихаттау және халықты бизнеске тарту; 
ШКС-нi қолдау инфрақұрылымын, оның iшiнде инфрақұрылым институттарын құру және кеңейту жөнiндегі жобаларға кредит беру арқылы дамыту; 
кәсiпкерлiктi қолдаудың бiрыңғай ақпараттық базасын дамыту; 
шағын кәсiпкерлiк субъектілерiн қолдаудың жаңа нысандары мен әдiстерiн iздестiру және қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 26 мамырдағы
 N 514 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665  қаулысының  2-1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 17, 152-құжат).
2. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 253-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1342  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 637-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi