1. Қоса берiлiп отырған:
Внимание! Документ утратил силу с 20.05.2010
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 454 Қаулысымен. (14.05.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 14.05.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1278 Қаулысымен. (22.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Pеспубликалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық pecуpcтap министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" деген бөлiмде "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысымен бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1278 Қаулысымен. (22.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Атом энергетикасы комитеті; Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті; Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия