Близость слов: Окончание:





«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 936 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм), 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы » 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы » 1997 жылғы 14 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы » 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: »;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 22 тамыздағы
 № 936 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2002 жылғы 26 шілдедегі
 № 833 қаулысымен
 бекітілген
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті (бұдан әрі – Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
3. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Ережемен айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады:
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі – заттай айғақтар);
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі – көмбелер);
4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне берілген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі – сыйлықтар);
Полная версия
ИС BestProfi