Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын қамтамасыз ету, тиімділігі мен айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 1262 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 642-қосымшада:
6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) "басылымы" деген сөзден кейін "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін уақыт кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын, "10 000 экземпляр" деген сөздерден кейін "2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 645-қосымшада:
4-тармақтағы "енгізу" деген сөзден кейін "Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын;
"4." Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету";
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия