1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5557 болып енгізілді.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Алдабергенов
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығына қосымша
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2157 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 22 наурыздағы № 123 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 9 маусымда № 2357, Қ азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 138-НҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 138-НҚ бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда тіркелді, тіркеу № 2357, "Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2157 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 238-НҚ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 нөмірмен тіркелген; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Қазақстан Республикасының нормативтік мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3011 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 19 шілдедегі № 322-НҚ, "Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келiсу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi төрағасының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3525 нөмірмен тіркелген "Ресми газеттің" 2005 жылғы 23 сәуірде № 17 нөмірінде жарияланған 2005 жылғы 10 наурыздағы № 74-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына:
тақырыптағы "келісу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";
1-тармақтағы "келісу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықта:
Полная версия