Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1.     Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 514-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 518-құжат): 
3-тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын; 
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1106  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 517-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1108  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 519-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын және 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1278 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 28 қазандағы
 №N 1105 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже
Полная версия
ИС BestProfi