Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 23 қаңтар N 84
Редакция 24.11.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк академиялық би театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2003. № 1172 қаулысымен. (23.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия