Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қараша N 1233
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бөлінетін материалдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату болып белгіленсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 27.02.2003. № 208 қаулысымен. (21.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорын жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.11.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.";
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.11.2004. № 1237 қаулысымен. (27.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия