Спopттық peзеpвтi және ұлттық құрамa командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 28 қаңтар N 99
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, соның iшiнде олимпиада резервiн және республиканың ұлттық құрама командаларының мүшелерiн даярлауды жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия