5. Құпия.
Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 278
Редакция 10.12.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты мәселелері бойынша экспорттық бақылау жүйесін және ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру мен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1-4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-4 тармақтар күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.12.1999. № 1917 қаулысымен.
6. Арнайы мүлікті экспорттау мен импорттауды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасына әртүрлі қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімді өндіру мен олардың жаңа түрлерін сатып алуға инвестициялар тарту үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сенімді шетелдік әріптестерін іздестіру жөнінде шаралар қабылдасын.
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.12.2002. № 1300 қаулысымен. (10.07.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.12.1999. № 1917 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1771 қаулысына:
атауындағы және 2-тармақтағы "Қорғаныс министрлігі" деген сөздер "Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.07.2000. № 1039 қаулысымен.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қару-жарақтың әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссияның Құрылымы
Балғымбаев Нұрлан - Қазақстан Республикасының
Өтепұлы Премьер-Министрі, төраға
Тілеубердин Алтай - Қазақстан Республикасының
Абылайұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары
Елубаев Бауыржан - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ысқақұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Алтынбаев Мұхтар - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Қапашұлы министрі
Тоқаев Қасымжомарт - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Кемелұлы істер министрі
Кәкімжанов Зейнолла - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Халидоллаұлы кіріс министрі
Әблязов Мұхтар - Қазақстан Республикасының Энергетика, Қабылұлы индустрия және сауда министрі
Полная версия