Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 желтоқсан N 1300
Осы редакция 12.08.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін: 
1) "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шілдедегi N 678 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 23, 199-құжат): 
қазақ тiлiндегi мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы"; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта: 
қазақ тiлiндегi мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)"; 
"1. Жалпы ережелер" және "2. Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртiбi" деген бөлiмдер алынып тасталсын; 
36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бiр интервалмен ажыратылады."; 
42-тармақта "тақырыптан" деген сөзден кейiн ", тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан" деген сөздермен толықтырылсын; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат): 
6-тармақта "40-1-тармағының" деген сөздер "69-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
4-тармақтың сегiзiншi абзацында "бiр айлық" деген сөздер "15 күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде: 
Полная версия
ИС BestProfi