Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 Қаулысы
Осы редакция 13.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.09.2011 № 1067 Қаулысымен; (30.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
6-тармақта "40-1-тармағының" деген сөздер "69-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың сегiзiншi абзацында "бiр айлық" деген сөздер "15 күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттiк және орыс тілдерiнде ұсынылады.";
9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Заң жобасын мемлекеттiк органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.";
3) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
Полная версия