Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы N 822 Қаулысы
Редакция 02.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Заң жобалау қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 4 маусымдағы
 N 822 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысымен (04.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 907 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 454-құжат): 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі: 
1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітетін кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің жыл сайынғы тағылымдамасын өткізуді қамтамасыз етсін; 
3) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жүргізілген тағылымдама нәтижелері туралы хабардар етсін; 
4) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне заң жобалау жұмыстарының жай-күйі туралы ақпарат берсін; 
5) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ағымдағы жылдың заң жобалау жұмыстары жоспарының жай-күйі туралы ақпарат берсін.".
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 4 маусымдағы
 N 822 қаулысымен
 бекітілген
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi