2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.11.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия құрамы; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономиика және сауда министрлігі белгіленсін. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 451 қаулысымен. 4. Мыналар таратылсын: 1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.
Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы
Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді". 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамы Құрам өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.04.03. N 489 қаулысымен. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1157 қаулысымен. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540 қаулысымен. Тоқаев - Қазақстан Республикасының Премьер Қасымжомарт Кемелұлы Министрі, Төраға Саудабаев - Қазақстан Республикасының Премьер- Қанат Бекмырзаұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы, Төрағаның бірінші орынбасары экспорттық бақылауға жататын өнім экспорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссия Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы Ерлан Әбілфайызұлы істер министрі, Төрағаның орынбасары, төраға Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі Тоқпақбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Сәт Бесімбайұлы министрі Школьник - Қазақстан Республикасының Владимир Сергеевич Энергетика, индустрия және сауда министрі Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі кіші комиссия Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, төраға Әбсаметов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және Мәлiс Құдысұлы ғылым министрлігінiң Департамент директоры Ержанов - Қазақстан Республикасының Энергетика, Бақыт Ахметұлы индустрия және сауда министрлiгінiң Департамент директоры, Мемлекеттік комиссияның хатшысы, экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегі кiшi комиссияның хатшысы Аханов - Қазақстан Республикасының Серік Ахметжанұлы Экономика вице-министрі Сәйденов - Қазақстан Республикасының Қаржы Әнуар Ғалимоллаұлы вице-министрі Байәділов - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Ерғали Мұхаметжанұлы Кеңесінің сектор меңгерушісі (келісім бойынша) Байғарин - Қазақстан Республикасының Бекболат Әбдіғаниұлы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің төрағасы Дүсіпов - Қазақстан Республикасының Шаймардан Атабекұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі Жантикин - Қазақстан Республикасының Тимур Мифтақұлы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрағасы Молдабеков - Қазақстан Республикасы Энергетика, Мейірбек индустрия және сауда министрлігі Аэрағарыш комитетінің төрағасы Нүкенов - Қазақстан Республикасының Маратқали Ордабайұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы Төлебай Алмас - Қазақстан Республикасының Қажыкенұлы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Департамент директоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және екіұдай мақсаттағы өнім экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі, қайталама экспорты мен транзиті саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) барлық орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру және экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті жөніндегі қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға ұсынымдар әзірлеу;
3) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын мемлекеттік органдардың сақтауына бақылауды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру, соның ішінде қару-жарақ, әскери техника, ядролық материалдар мен екіұдай мақсаттағы өнім экспортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңдарын жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдеріне қатысу және т.с.с.
5) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің рәсімдері мен ережелерін халықаралық таратпау режимдерінің нормаларымен және ережелерімен үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның функциялары
Полная версия