Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.12.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2001. № 451 қаулысымен.
1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы; 
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады. 
Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді".
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін. 
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001. № 1539 қаулысымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi