Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2017
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 шілдедегі N 695 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамына мыналар енгiзілсiн: 
"Мәсiмов                      - Қазақстан Республикасы Премьер 
Кәрiм Қажымқанұлы               Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi,                                   төраға
Тоқаев                        - Қазақстан Республикасының Сыртқы 
Шабдарбаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Амангелдi Смағұлұлы             қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
Iзмұхамбетов                  - Қазақстан Республикасының 
Бақтықожа Салахатдинұлы         Энергетика және минералдық ресурстар министрi
Қажыкен                       - Қазақстан Республикасы Индустрия  
Мейрам Зекешұлы                 және сауда министрлiгi Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң төрағасы
Коржова                       - Қазақстан Республикасының Қаржы 
"Шәкiров                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер 
Асқар Оразалыұлы                министрiнiң орынбасары
Школьник                      - Қазақстан Республикасының 
Владимир Сергеевич              Энергетика және минералдық ресурстар министрi"       

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Шәкiров                      - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Асқар Оразалыұлы                министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы
Школьник                      - Қазақстан Республикасының Индустрия 
Владимир Сергеевич              және сауда министрi, төрағаның орынбасары                    ";
көрсетілген құрамнан Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Нартай Нұртайұлы Дүтбаев, Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев, Иван Михайлович Кравченко шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеде: 
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"7. Комиссияға басшылық жасауды оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары жүзеге асырады. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия тұжырымдайтын шешiмдер үшiн дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған уақытта оңың функцияларын орынбасары орындайды.";
12-тармақтағы "мәжiлiске қатысқан" деген сөздер алынып тасталсын, "мүшелерi" деген сөздер "мүшелерiнiң барлығы мiндеттi түрде" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "және төрағалық етушi қол қояды" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi