Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1006 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 74-ө өкімі;
2) "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі N 116-ө өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1006 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Оразбақов - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Қорғаныс министрі
Полная версия