Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 644 Қаулысы       
Редакция 15.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Укiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкіметінің
 2005 жылғы 28 маусымдағы
 N 644 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 05.12.2011 № 1465 Қаулысымен. (23.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысымен (05.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 23.06.2010 № 632 Қаулысымен. (28.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4. "Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 610-құжат):
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi енгiзiлсiн;
көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
5. "Мемлекеттiк органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 254-ө  өкiмiне:
мемлекеттiк органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшiнің орынбасары болып енгiзiлсiн;
көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 287-ө  өкiмiне:
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының әкiмшілiк реформасын iске асыру мәселелерi бойынша заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөніндегi жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
7. "Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөнiндегi ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 26 наурыздағы N 68-ө  өкімiне:
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша өңiрлерде түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-насихаттау топтарының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген топтың құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын;
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-насихаттық топтардың жол жүру кестесiнде, Оңтүстік Қазақстан облысы: 
реттiк нөмiрi 7-жолдың "Т.А.Ә" бағанында "О.И.Жұмабеков" деген сөздер "З.Я.Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын.
Полная версия
ИС BestProfi