Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.10.2019
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 6 қыркүйек N 984
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.10.2019 жылғы № 752 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына: 
1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Физика-химиялық талдау әдiстерiнiң орталығы мемлекеттiк мекемелерiн; 
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (07.02.2008 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 6 қыркүйектегi
 N 984 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi
1. Жаңа химиялық технологиялар және            Алматы қаласы            материалдар ғылыми-зерттеу институты
2. Математика және механика ғылыми-            Алматы қаласы            зерттеу институты
3. Биология және биотехнология                 Алматы қаласы            проблемалары ғылыми-зерттеу институты
4. Экология проблемалары ғылыми-зерттеу        Алматы қаласы            институты
5. Физика-химиялық зерттеу және талдау         Алматы қаласы            әдiстерiнiң орталығы
6.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 07.02.2008. № 119 Қаулымен. (21.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Эксперименттік және теориялық            физика ғылыми-зерттеу институты          Алматы қаласы 
8. Ғылыми-технологиялық парк                Алматы қаласы  
9. Ашық үлгідегі ұлттық нанотехникалық            зертхана                                    Алматы қаласы 
Полная версия
ИС BestProfi