Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1306 Қаулысы
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы деп белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
3) кәсіпорынның құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6. Осы қаулы кәсіпорын әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1306 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
Толықтырулар мен өзгерістер өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2009 жылғы № 1102 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Толықтырулар мен өзгерістер өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (20.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) Толықтырулар мен өзгерістер өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) Толықтырулар мен өзгерістер күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Полная версия