Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.11.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 27 тамыздағы
 N 872 қаулысымен
 бекітiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат): 
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi туралы ережеде: 
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлiктiң" деген сөзден кейiн "облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi және" деген сөздермен толықтырылсын; 
10-тармақтың 3) тармақшасындағы "баспасөз бен басқа да" деген сөздер алынып тасталсын; 
1) тармақшадағы "және конфессиялық" деген сөздер алынып тасталсын; 
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"11) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады;"; 
мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылсын: 
"18-1) жер үстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастырады; 
18-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдардың есепке алу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм қабылдайды; 
Полная версия
ИС BestProfi