Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын коммуналдық меншiкке беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 394 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Заңнамада белгiленген тәртiппен мыналар:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Ақсеңгiр" тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Қапал" кеңшары республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - Алматы облысының коммуналдық меншiгiне;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Задария" мемлекеттiк мал тұқымын асылдандыру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Комсомол" тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қызылқұм тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.01.2006. № 26 қаулысымен. (23.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
3. Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (06.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия