Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.09.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнің "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдаp орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 қазан N 1081
Дәрiлік құралдардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Ұлттық орталық) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Ұлттық орталық қызметiнің негiзгi мәнiсi денсаулық сақтау саласында дәрiлік құралдардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгін және сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, сондай-ақ жаңа бiрегей дәрiлiк құралдарды әзiрлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Ұлттық мемлекеттiк басқарушы орган болып белгiленсiн.
4. Ұлттық орталыққа қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсіпорындарды құруға рұқсат берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Ұлттық орталықтың Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсін: 
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" бөлімінде: 
реттік нөмiрi 9-31-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"9-31. "Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық     мемлекеттік кәсіпорны                             Алматы қаласы";  
2)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1117 қаулысымен. (02.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi