Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 837 Қаулысы
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаға сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат етілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрі-Дәрмек" дәрілік заттар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қазандағы N 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 11 қыркүйектегі
 N 837 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тізбесі
1. "Қарағанды облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Қарағанды қаласы.
2. "Қостанай облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Қостанай қаласы.
3. "Павлодар облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Павлодар қаласы.
4. "Жамбыл облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Тараз қаласы.
5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Өскемен қаласы.
Полная версия
ИС BestProfi