Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 ақпан N 251
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрылсын. 
2. Мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi болып белгiленсiн. 
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:  
1) "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау;  
2) "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткiзу. 
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде: 
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн; 
2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 519-1 және 519-2-жолдармен толықтырылсын: 
"519-1 "Олимпиадалық даярлау         орталығы" қазыналық кәсiпорны                Алматы қаласы 
519-2 "Спортшылардың допингке         қарсы зертханасы" қазыналық кәсiпорны        Алматы қаласы"; 
2)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1130 қаулысымен. (27.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi