Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 127
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін, 2002 жылдың 1-жартыжылдығында Қоғам акциялары мемлекеттік пакетінің бір бөлігін оның жарғылық капиталының 49 пайызы мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын; 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
Полная версия