Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Парламентi Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 835 Қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Қазақстан Республикасының Парламенті Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының асханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi тиiстi жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау болып белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша):
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оны әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (11.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Полная версия