1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 Қаулысы
Редакция 20.07.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар бір апта мерзімде органның, облыстың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы;
2) жарты жылдық және жылдық қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Жалпыұлттық жоспар мен Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы;
2) жарты жылдық және жылдық қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жалпыұлттық жоспар мен
Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
6. Мыналар:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күні Іс-шаралар жоспарының орындалу мәселелері Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесінің Басшысында өтетін кеңестерде қаралады;
2) тармақтар бойынша Іс-шаралар жоспарына Бағдарламадан туындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде жылына екі рет, бірінші және үшінші тоқсандар өткен соң Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ұсынысы бойынша қаралады деп белгіленсін.
7. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына Іс-шаралар жоспарының орындалған тармақтарын бақылаудан алу туралы шешім қабылдау құқығы берілсін.
8. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия