Близость слов: Окончание:





Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 23 Қаулысы
Редакция 18.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.12.2007. № 1339 Қаулысымен (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 24, 250-құжат); 
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы 
N 987 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 11-тармағы; 
3) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қазандағы N 1586 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2006 жылғы 6 қаңтардағы
 N 23 қаулысымен
 бекiтiлген
Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары
1. Осы шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары (бұдан әрi - шарттар) еңбекке ақы төлеудiң, оны нормалаудың, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимiнiң шарттарын, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару, уақытша жұмыста болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындау, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау тәртiбiн, сондай-ақ шет мемлекеттердiң аумағында кәсiби қызметтi тиiсiнше жүзеге асыруға байланысты дипломатиялық қызмет персоналы еңбегiнiң өзге де шарттарын белгiлейдi. 
Шетелдiк мекемелерге жергiлiктi жерде, оның iшiнде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелерi қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс қызметкерлердiң еңбек шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
2. Осы шарттардың әрекетi "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда дипломатиялық қызмет персоналының (оның iшiнде еңбекке жарамсыз) отбасы мүшелерiне де қолданылады. 
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелерiне жұбайы, зайыбы, 18 жасқа дейiнгi балалары және 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болған 18 жастан ересек балалары, сондай-ақ iссапарға жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналымен бiрге, сол сияқты бiрге де және олардан бөлек те тұру үшiн шетелге шығатын еңбекке жарамсыз ата-аналары жатады.
Полная версия
ИС BestProfi