Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3924
#$Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Осы редакция 28.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бiрiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.): 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттiгi Басқармасының
 2005 жылғы 30 қыркүйектегi
 N 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық
 нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк
 мәнi мен әдiстемесi туралы
 нұсқаулық
Осы нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - банктер) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесiн белгiлейдi.
1-тарау. Банктiң жарғылық капиталының
 барынша төмен мөлшерi
1. Банктiң жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерiн қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның Басқармасы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлейдi.
2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкiлеттi орган белгiлеген кез-келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкiн.
2-тарау. Меншiктi капиталдың 
 жеткiлiктiлiк коэффициентi 
3. Меншiктi капитал бiрiншi деңгейдегi капитал мен екiншi деңгейдегi капиталдың (екiншi деңгейдегi капитал бiрiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) және банк инвестицияларын шегергендегi үшiншi деңгейдегi капиталдың (үшiншi деңгейдегi капитал нарықтық тәуекелдi жабуға арналған бiрiншi деңгейдегi капитал бөлiгiнiң екi жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.
Полная версия
ИС BestProfi