Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2015
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмділігiн бағалау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 740 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.04.2015 жылғы № 213 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.07.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексi 157-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiліп отырған Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмділiгiн бағалау ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Гранттар тарту және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 286-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 432-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 19 шілдедегі
 N 740 қаулысымен
 бекітілген
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмдiлiгін бағалау ережесi
1. Осы Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиімділігін бағалау ережесi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына берілетін байланысты емес  гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмдiлігін бағалау тәртiбiн айқындайды.  
Ереже ізгiлiк, қайырымдылық, әскери, азық-түлiктiк көмектi тарту және тарату рәсiмдерiне қолданылмайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2006. № 682 қаулысымен. (19.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1) байланысты емес гранттарды тартудың және пайдаланудың ашық және тиiмдi процесiн қамтамасыз ету; 
2) байланысты емес гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы есептер мен ақпараттарды табыс ету процесін реттеу;  
3) байланысты емес гранттардың мониторингi мен оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау процесін реттеу және жүйелендiру болып табылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) бенефициар - осы Ережеде көзделген тәртiппен байланыссыз гранттарды тiкелей алатын және пайдаланатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымы; 
Полная версия
ИС BestProfi