Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2023
"Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1177 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Осы Қаулы күшін жояды 2023 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 14.09.2023 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережеде:
«7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына беруге арналған көлік құралдарының міндетті техникалық тексеруден өту фактісін растау үшін аумақтық көліктік бақылау органдарына тиісті сұрау салуды жолдайды.
Аумақтық көліктік бақылау органдары 5 жұмыс күні ішінде тиісті сұрау салу бойынша ақпарат береді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi