Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.04.2010
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 253 Заңы
Осы Заң күшін жойды 20.10.2010 жылдан бастап ҚР 02.04.2010 жылғы № 261-IV Заңына сәйкес
Редакция 30.08.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң атқарушылық iс жүргiзудiң құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, сондай-ақ сот орындаушыларының құқықтық мәртебесiн айқындайды.
Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер жөнiндегi үкiмдер мен қаулыларды мiндеттi түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешiмдерi мен қаулыларын орындау болып табылады.
1-бап өзгертілді ҚР 05.05.2003 № 409 Заңымен. (09.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2-бап. Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдар
Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдардың қолданылу тәртiбi
1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. 
2. Бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмдердi, бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдер туралы заңдарды бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және салық пен кеден заңдарына  сәйкес жүргiзiледi. 
2-1. Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкi жоқ немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөнiндегi тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады. S,  
3. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары жөнiнде атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан өзгеше туындамаса, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап өзгертілді ҚР 22.06.2006 № 147 Заңымен. (28.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Заңның 5-бабында тiзiп келтiрiлген атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен бөлiмдерiнiң сот орындаушыларына жүктеледi. 
2. Заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады. 
3. Өзге органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқарушылық iс-әрекеттi бұл жайында заңда тiкелей нұсқау болғанда ғана жүзеге асырады.
4-бап жаңа редакцияда ҚР 05.05.2003 № 409 Заңымен. (09.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4-1-бап. Атқарушылық ic жүргiзу органдарының жүйесi және құзыреті
1. Атқарушылық iс жүргiзу органдарының жүйесiн: 
1) атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 
Полная версия
ИС BestProfi