Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 167-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4889 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16, 18, 116, 118, 119-баптарына сәйкес және Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін мекемелер жұмысшыларының ұсыну, қарау және келісу ережесі бекітілсін.
2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Әбденов С.С.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. "Өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізімде 1999 жылғы 17 мамырда N 760 тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі  N 56-ө  бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
                               Қазақстан Республикасы Еңбек                                         және халықты әлеуметтік қорғау                                                   министрінің 
Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі
1. Осы Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелім) енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің, мемлекеттік органдар көрсететін Ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркелім) енгізілген мемлекеттік органдардың, белгілі бір тауар нарығында алатын басым (монополиялық) орны бар Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген белгілі бір тауар нарығында алатын басым (монополиялық) орны бар нарық субъектілерінің (бұдан әрі - ұйымдар) еңбек нормаларын (табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік санын қоспағанда) және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
3. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
өтінім - еңбек нормалары және/немесе еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді қарау және келісу туралы ұйымның еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органға ресми мәлімдемесі (өтініші) жолдамасы;
материалдар - еңбек нормалары мен еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерге нормативтік, есептік және басқа да негіздеме материалдар;
еңбек нормасы (уақыт, қызмет көрсету, өндіру) - техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес тиісті біліктілігі бар қызметкерлер үшін белгіленетін еңбек шығындарының (жұмыс уақытының) өлшемі; 
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі параметрлері - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген еңбек ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің қамтамасыз етілуімен ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлеу шарттарын анықтауы;
Полная версия
ИС BestProfi