Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 167-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4889 болып енгізілді.
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.05.2015 жылғы № 381 Бұйрығына сәйкес (20.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.05.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16, 18, 116, 118, 119-баптарына сәйкес және Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.05.2015 жылғы № 381 Бұйрығына сәйкес (20.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Әбденов С.С.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. "Өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізімде 1999 жылғы 17 мамырда N 760 тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі  N 56-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің
2007 жылғы 19 шілдедегі
N 167-ө бұйрығымен бекітілген
Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.05.2015 жылғы № 381 Бұйрығына сәйкес (20.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелім) енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің, мемлекеттік органдар көрсететін Ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркелім) енгізілген мемлекеттік органдардың, белгілі бір тауар нарығында алатын басым (монополиялық) орны бар Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген белгілі бір тауар нарығында алатын басым (монополиялық) орны бар нарық субъектілерінің (бұдан әрі - ұйымдар) еңбек нормаларын (табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік санын қоспағанда) және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
3. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.08.2014 жылғы № 10 Бұйрығымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
өтінім - еңбек нормалары және/немесе еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді қарау және келісу туралы ұйымның еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органға ресми мәлімдемесі (өтініші) жолдамасы; 
материалдар - еңбек нормалары мен еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерге нормативтік, есептік және басқа да негіздеме материалдар;
еңбек нормасы (уақыт, қызмет көрсету, өндіру) - техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес тиісті біліктілігі бар қызметкерлер үшін белгіленетін еңбек шығындарының (жұмыс уақытының) өлшемі;
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі параметрлері - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген еңбек ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің қамтамасыз етілуімен ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлеу шарттарын анықтауы;
еңбек жөніндегі уәкілетті орган - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы орган;
уәкілетті органдар - тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органдар, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, ұйым коммуналдық меншікте болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар;
салааралық еңбек нормалары - экономикалық қызметтің бірқатар түрлері және жұмыс берушілердің тиісті жұмыс түрлерінде (екі, үш және одан да көп салаларда) қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде эталон ретінде пайдалануы үшін өндірістердің ұқсас жағдайларында бірдей технологиялар бойынша Ұйымдардағы жұмыстарды орындауға еңбек шығындарының регламенттелген мәні;
салалық еңбек нормалары экономиканың бір саласындағы Ұйымдардағы жұмыстарды орындауға еңбек шығындарының регламенттелген мәні;
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Еңбек нормаларын және еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі
4. Еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді келісу туралы өтінімді: 
еңбек жөніндегі уәкілетті органға - Мемлекеттік тіркелімге, Тіркелім мен Тізілімнің республикалық бөлімдеріне енгізілген ұйым; 
еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органға - Тіркелім мен Тізілімнің жергілікті бөліміне енгізілген ұйым ұсынады. 
Өтінімге осы Ереженің 3-тарауында жазылған тізбеге сәйкес қажетті материалдар қоса беріледі.
5. Ұйым ұсынған өтінімді еңбек жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен сәттен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде қарайды.
6. Ұсынылған құжаттарды растау, нақтылау және тексеру үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган:
1) жұмыс тобын құруға және тексерілетін Субъектіге барып еңбек нормаларына іріктемелі сараптамалық зерттеу жүргізуге (нормаларды белгілеу жөніндегі тексеру есептерін орындау, жекелеген жұмыс, операция түрлері бойынша фотохронометражды іріктеу бақылауларын жүргізу және ұсынылған нормаларды тексеру нәтижесінде белгіленген нормалармен салыстыру) және осының негізінде қорытынды даярлауға құқылы. Сараптама нәтижелері бойынша қорытынды тұтастай еңбек нормалары бойынша беріледі;
2) іріктемелі сараптамалық зерттеу жүргізуге еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу мәселелерімен айналысатын басқа ұйымдардың, нормалау және еңбекақы төлеу мәселелерімен айналысатын уәкілетті органның мамандарын және (немесе) еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеуді жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
3) Ұйымнан соңғы екі жылдың қосымша материалдарын (еңбекақы төлеу жүйесі мен жұмыс істейтіндердің саны, негізгі көлемдік көрсеткіштері мен т.б. туралы деректерді) сұратуға құқылы.
7. Еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді қарау нәтижесі бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті орган: 
жобаларға лер мен ұсыныстар болған кезде ұйымға оларды пысықтау қажеттігі туралы уәждемелі қорытындыны жолдайды; 
Ұйым осы Ереженің 3-тарауында көзделген материалдарды ұсынбаған жағдайларда өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартады; 
осы Ереженің барлық талаптары орындалған жағдайда ұйымның еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді келісуден өткізеді және оларды уәкілетті органға бекітуге жібереді.
8. Уәкілетті орган бекіткен еңбек нормаларының (қағаз және электрондық жеткізушілердегі) және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлердің (қағаз жеткізушідегі) бір данасы мемлекеттік және орыс тілдерінде оларды бекіткен сәттен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
9. Еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді еңбек жөніндегі уәкілетті орган қарайды және үш жылдан аспайтын мерзімге келісуден өткізеді.
3. Ұсынылатын материалдардың тізбесі және олардың мазмұны
10. Ұйымның еңбек жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын еңбек нормаларын келісу туралы өтініміне мынадай материалдар: 
1) ұсынылып отырған материалдардың тізбесі; 
3) ұсынылған еңбек нормаларының негіздемесі (технологиялық, еңбек (өндірістік) үдерістерін хронометражды бақылаудың нәтижелері, олардың операцияларға және зерделеніп отырған операциялардың оны құраушы элементтеріне бөлінуі, тиісті есептері, функциялардың матрицалары, лауазымдық міндеттер, құрылымдық бөлімшелердің ережелері және басқалары); 
4) еңбек нормаларының жобасын әзірлеу барысында Ұйым пайдаланатын еңбек нормалары (олар болған жағдайда); 
5) бұдан бұрын қолданыста болған техникалық нормаларды уақытша (еңбек нормаларын әзірлегенге дейін) пайдалану туралы уәкілетті орган шешімінің (бұйрығының) көшірмесі қоса берілуге тиіс.
11. Ұйымның еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді келісу туралы еңбек жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын өтініміне мынадай материалдар: 
1) ұсынылатын материалдардың тізбесі; 
3) Ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлеу және оларды ынталандыру туралы ереже, ол персонал санаттары бойынша лауазымдық қызметақыларға (тарифтік ставкаларға) сараланған қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақы төлемдерін, сыйлықақы беру жүйесі мен басқа да сыйақыларды қоса, еңбекақы төлеудің нысаны мен жүйесін қамтуға тиіс. Мемлекеттік кәсіпорындар үшін - уәкілетті орган бекіткен, ұйымның басшыларын, олардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерін ынталандыру туралы ереже қоса ұсынылады; 
4) ағымдағы кезеңге арналған Ұйым қызметкерлерінің еңбекақы қорын (еңбекақы төлеу шығыстарын) бекіту туралы шешімнің көшірмесі; 
5) қызметкерлердің, оның ішінде әкімшілік персонал бойынша штаттық кестені, мемлекеттік кәсіпорындар үшін - басшылардың, олардың орынбасарларының, бас бухгалтерлердің лауазымдық қызметақыларының мөлшерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекіту туралы шешімнің көшірмесі; 
6) бекітілген штат кестесі мен қызметкерлердің лауазымдық қызметақыларының (тарифтік ставкаларының) мөлшері (оларды разрядтар бойынша бөліп таратылған); 
7) Ұйым персоналының саны (негізгі өндірістік және қосалқы өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ қызмет көрсететін шаруашылықтар мен өндірістерде жұмыс істейтін), еңбекақы төлеу қоры және персонал санаттары бойынша орта айлық еңбекақы жөніндегі мәліметтермен қоса, жоспарланып отырған кезеңдегі орта айлық жалақы өсімінің негіздемесімен еңбек бойынша есепке сәйкес Ұйым қызметкерлерінің ағымдағы кезең мен соңғы екі жылдағы, тоқсандар бойынша мағынасы ашып жазылған еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстары; 
8) ағымдағы кезең мен соңғы екі жылға арналған тоқсандар бойынша мағынасы ашылып жазылған статистикалық есептілік (ф.1-Т) қоса беріледі.
12. Ұйым персоналының санаттары Бухгалтерлік есеп стандарттарына және әкімшілік қызметкерлерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесіне сәйкес айқындалады.
13. Материалдар екі данада ресімделеді, олар кітапшаланған, тігілген, нөмірленген болуға, атауы (мазмұны) бар, тиісті келісу, бекіту және ұзарту грифтері бар титулды парағын қамтуға тиіс. Материалдың әрбір парағына Ұйым басшысының немесе басшының жетекші орынбасарының қолы қойылады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2009 жылғы № 393-ө Бұйрығымен (19.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
13-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.08.2014 жылғы № 10 Бұйрығымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Еңбек нормасының құрылымы бірізді және ол 3 бөлімді: "Жалпы бөлім", "Еңбекті ұйымдастыру", "Нормативтік бөлімді" қамтиды. 
2) нормативтер қызметкерлердің қандай лауазымдарына, кәсіптеріне, санаттарына белгіленгені;
3) әзірлеу негізіне алынған деректер (қызметкерлердің нақты саны, жұмыстардың көлемдері туралы деректер, фотохронометражды қадағалау негізінде жұмыс уақыты шығынын зерттеу материалдары, қызметкерлердің еңбек шығынына әсер ететін факторларды сипаттайтын үлгі (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді әзірлеу кезінде пайдаланылған статистикалық деректер, сондай-ақ осы нормативтерге негіздеме үшін қоса берілген басқа да нормативтік актілер);
4) жұмысшылардың кәсіптері мен қызметшілер лауазымдары атауларының Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығына және Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкестігіне сілтеме;
5) нормативтердің жұмыс орнына қызмет көрсету және демалыс уақыты мен жеке қажеттіліктерді ескере отырып әзірленгенін көрсету;
6) элементтердің мағынасын ашып, келу және тізімдік санын есептеу формулалары келтіріледі.
"Еңбекті ұйымдастыру" бөлімінде: жұмыстардың қандай нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізілетіні; еңбектің ұйымдық-техникалық жағдайлары (қауіпсіздік шаралары; қолданылатын құралдар, жабдықтар, тәсілдер); жұмыстың бүкіл кешенін жүзеге асыратын орындаушылардың саны (еңбек бөлінісі кезінде); жұмыс аяғында құжаттаманы ресімделуі көрсетіледі. 
"Нормативтік бөлім" бөлімінде жұмыстың мазмұны (операциялардың жалпы атауы және оның құрамдас элементтерге бөлінуі); орындаушылардың құрамы, саны келтіріледі.
4. Келісуге ұсынылатын еңбек нормаларға қойылатын негізгі талаптар
14. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2009 жылғы № 393-ө Бұйрығымен (19.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
14-тармақ алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.05.2015 жылғы № 381 Бұйрығымен (20.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15. Еңбек нормалары прогрессивті, кешенді негізделген, талап етілетін дәлдік деңгейіне сәйкес, жұмысты орындаудың әр түрлі ұйымдастырушылық-техникалық нұсқаларын неғұрлым толық қамтыған, олар бойынша нақты орындаушылардың еңбек шығындары нормаларын есептеуге ыңғайлы болуға тиіс.
16. Еңбек жөніндегі үлгі (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді ауыстыру үшін негіздемелер болмаған жағдайда, ұйым еңбек жөніндегі үлгі (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердің түпнұсқасын, оларды негіздеу бойынша материалдар мен түсіндірме жазбаны міндетті түрде ұсынған кезде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган олардың қолданылу мерзімін ұзартады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.08.2014 жылғы № 10 Бұйрығымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Еңбек нормаларының қолданылу мерзімін ұзартуды еңбек жөніндегі уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтердің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірін көрсете отырып, түпнұсқаның титулдық парағында тиісті белгі және елтаңбалық мөр қою жолымен ресімдейді.
17. Қызметкерлер еңбек нормаларын орындауы үшін Ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
18. Еңбек нормалары Ұйымның қызметкерлердің нормативті санын, еңбек шығындары нормаларын есептеуі үшін негізі болып табылады.
19. Ұйымдар еңбекақы төлеу мәселелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешеді.
Полная версия
ИС BestProfi