Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.07.2011
Қазақстан Республикасының теңiзшісi паспортының үлгісiн (сипаттамасы) бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 тамыз N 941
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.07.2011 № 797 Қаулысымен. (22.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiзшiсi паспортының үлгiсi (сипаттамасы) бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының теңiзшiсi паспорттарының бланкілерiн оның сипаттамасына сәйкес жасауды қамтамасыз етсiн. 
3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 
халқын құжаттандыру және тіркеу ережесiнде: 
"Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру, алып қою және пайдалану тәртiбi" деген 2-бөлiмнiң 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
"26. Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтiк паспорты және теңiзшiсі паспорты берiлуi мүмкiн". 
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнің
 2002 жылғы 22 тамыздағы
 N 941 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының теңiзшiсi  
  паспортының үлгiсi  
  (сипаттамасы) 
1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88x125 мм, оның iшiне сутаңба  белгiлерi бар арнайы қағаздан жасалған 19 парақ орналастырылады. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен орындалған.
2. Паспорттың мұқабасы көгiлдiр түстi - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес, онда алтын түспен орындалған мыналар орналастырылған: 
а) қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде мынадай батырма жазулар: 
Полная версия
ИС BestProfi