Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 Қаулысы
Осы редакция 18.10.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 559-29қ қаулысы; 
2) "Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 76  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 3, 34-құжат); 
3) "Қазақстан Республикасы халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi N 761  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 404-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Реcпубликасының
 Үкіметінің
 2006 жылғы 30 маусымдағы
 N 623 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесi 
1. Осы Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн; 
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн; 
3) әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн; 
4) жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн.
Полная версия
ИС BestProfi