Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2009
Денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430 Заңы
Осы Заң күшін жойды 09.10.2009 жылдан бастап ҚР 18.09.2009 жылғы № 193-IV Кодексіне сәйкес
Редакция 24.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеудiң белгiленген стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сарапшылық бағалау жүргiзуге ерекше мәртебесi мен құқын тану рәсiмi;
2) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнаулы қызметтiң болуы заңмен көзделiп, осы органдардың қызметiн медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлiмшелердiң, бөлiмдер мен мекемелердiң жиынтығы;
3) бейiндi маман - клиникалық бейiндегi белгiлi бiр мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық бiлiмдi медицина қызметкерi;
4) дәрiгерлiк қызмет - жоғары медициналық бiлiмдi, тиiстi сертификаты бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiби қызметi;
5) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы;
6) денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы;
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) денсаулық сақтау субъектiлерi - денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;
9) денсаулық сақтауды басқару органдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау iсiн мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары, медициналық қызметтер органдары;
10) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
10-1) денсаулық сақтау стандарты - медициналық және дәрiгерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейтiн құжат;
11) диагностика - аурудың диагнозын қоюға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
12) емдеу - ауруларды жоюға және (немесе) бетiн қайтаруға, сондай-ақ олардың асқынуын болғызбауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
13) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер кешенi;
Полная версия