Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.02.2008
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 286 қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.02.2008. № 116 Қаулысымен. (05.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта: 
3-тармақтың 1) тармақшасында "бастауыш" және "орта" деген сөздерден кейiн "кәсiптiк" деген сөзбен толықтырылсын; 
5-тармақта "2,45" деген сандар "3" деген санмен ауыстырылсын; 
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттiк стипендия тағайындалады"; 
7-тармақта "студенттерге," деген сөзден кейiн "магистранттар мен оқушыларға" деген сөздермен толықтырылсын; 
бірінші абзацта "магистранттарға," деген сөзден кейін "аспиранттарға, докторанттарға және" деген сөздермен толықтырылсын; 
үшінші абзацта "магистранттар" деген сөзден кейін ", аспиранттар, докторанттар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi