1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабы 7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 қаулысымен бекітілген
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендияларды төлеу тәртібіне қолданылмайды.
3. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың жекелеген санаттарына төленеді.
4. Осы Ереженің мақсаттары үшін білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мыналар жатады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алатын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер студенттері), орта білімнен кейінгі (студенттер), жоғары (студенттер мен интерндер); жоғары оқу орнынан кейінгі (магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар) білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушылар;
3) жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары (бұдан әрі - дайындық бөлімшелерінің тыңдаушылары).
5. Аспиранттар мен клиникалық ординаторлар үшін мемлекеттік стипендия төлеу олардың оқуын толық аяқтағанға дейін оқуға түскен сәтте белгіленген мөлшерде және шарттармен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік стипендиялар төлеу тәртібі
6. Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, магистранттарға, интерндерге төленеді.
Полная версия