Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.02.2008
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 шілде N 770.
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.02.2008. № 116 Қаулысымен. (12.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында 
оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау 
мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта;
     12-тармақ "ұйымның" деген сөзден кейiн "мамандығы бойынша 1 жылға 
дейiнгi жұмыс стажы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
     13-тармақ "ұйымы" деген сөз "ұйымының" деген сөзбен ауыстырылып, осы 
сөзден кейiн "мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б. 
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi