Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2012
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 269 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (19.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Редакция 19.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Лицензиялау жүйесiн жетілдiру және лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: 
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
тақырыбы мен кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: 
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңын  iске асыру және лицензиялау жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:"; 
екiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде "білiктілiк" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын; 
бесiншi абзацта "мен Алматы қаласы" деген сөздер ", Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақта "мен Алматы қаласы" деген сөздер ", Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттік органдар белгілi бiр тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiрушілердiң монополиялық жағдайына жол бермей бәсекелестiктің дамуына ықпал етсiн, лицензиялар беру рәсiмдерiнiң ашықтығын және тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етсiн."; 
төртiншi абзацта ", суық қаруды" деген сөздер алынып тасталсын; 
бесiншi абзац "уларды" деген сөздің алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тiзбе бойынша"; 
реттік нөмiрi 2-жолдың 2-бағанында "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Көлік және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi